$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте су жаңа автобус паркі салынып жатыр

Бұл ақпаратты «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюпов мәлім етті.

– Қазір біз сервистік орталық, диспетчерлік қызмет, ЖҚС, қызметкерлерге арналған асхана мен жатақхана орналасатын жаңа автобус паркін салудамыз. Біз автобус көлігін жаңарту мәселелерімен тікелей айналыспасақ та, осы әлеуметтік жобаға қатысқанымызға қуаныштымын. Осы салада түрлі проблемалар бар екені бәрімізге мәлім, және ол халықтан түскен шағымдардың саны бойынша көш басындағылардың бірі, – деді ол.

Рашид Аюповтың пікірінше, шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан қоғамдық көлік қызметінің сапасына ерекше мән берілуде.

– Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, ең бастысы, халықтың тілектерін негізге ала отырып, қалалық автопаркті жаңғырту жобасын табысты іске асырғым келеді. Сондықтан мен осы жоба туралы сізді үнемі хабардар етіп отыратын боламын, ал сіз де шетте қалмай, пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар, – деп жазды Р. Аюпов.

Еске сала кетсек, автопарк Қапал батыр көшесінде орналасқан. Қазір Шымкентте 26 көлік компаниясы бар. Күн сайын 1200 автобус пен шағын автобус қызмет етеді. 500 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көлікпен күнделікті қатынайды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары