«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 145,4 млрд теңге сомаға 12 830 өтініш қабылданды. Оның ішінде 88,3 млрд теңге сомаға қарыз беруге 7 633 өтініш мақұлданған.
Айта кетейік, «7-20-25» - Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін ипотекалық бағдарлама. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде айтылған «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасының міндеттерін іске асыру аясында әзірленді.
Қазіргі уақытта «7-20-25» бағдарламасы несиені 7 пайыздық мөлшерлемемен береді. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй құнының 20 пайызы мөлшерінде белгіленген. Қарыздың өтеу мерзімі - 25 жыл. Қарыз алушыдан қарызды беру және қызмет көрсету үшін комиссия алынбайды. Сондай-ақ, қарыз алушының кепіл мүлігі мен өмірін сақтандыру мiндеттi болып табылмаған жағдайда, сақтандыру қажет болса, барлық шығындарды қарыз берген банк өзі көтереді.
«SN.kz» - ақпарат»