Қала басшысы ел тыныштығын қорғап жүрген офицерлер мен сазбаздарға Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, әскери қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін айтты.
«Еліміздегі әскери күшіміздің мығым болуы үшін көптеген жұмыстар істелуде. Солардың бірі — Шымкентте алдағы уақытта әскери комиссариат ғимараты, «Жас Ұлан» мектебі салынады. Қазір олардың жобасы дайындалуда. Сонымен қатар полиция департаменті және өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері жаттығатын спорт кешені салынады. Әскери қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де жүйелі шешілуде»-деді сөз алған шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов.
«SN.kz» - ақпарат»