$ 494.87  520.65  4.91

Шығысқазақстандықтар шымкенттіктерге 340 бос жұмыс орнын ұсынып, кәсіпкерлікпен айналысуға шақырып отыр

Шымкент шаһарына Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының делагациясы іссапармен келді. Олар шымкенттіктерге өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару және нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жұмысқа орналасып, қоныс аударудың мүмкіндіктерін таныстырғанын айта кетейік.

Алтай ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Әсел Рысбекқызының айтуынша, бүгінде аталған ауданда дәрігер, мұғалім және мемлекеттік қызметкерлерге сұраныс көп. Олардың айлық жалақысы 70 мың теңгеден бастап жұмысшы мамандықтарға 500 мың теңгеге дейін табыс табуына мүміндік қарастырылған.

– Мемлекеттік қолдау аясында 340 бос жұмыс орны мен 30 отбасы немесе 106 адамға ерікті түрде қоныс аударуға орын қарастырылған. Өткен жылы 20 отбасы көшіп келген еді. Қазір олар 3 жылдық келісімшарт негізінде өз кәсібін ашып, ұсынылған тұрғын үйлерде тұрып жатыр. Көші-қон бойынша келгендерге әр отбасы мүшесіне 88 мың теңге және 12 айға пәтерақысы төленеді. Бұдан басқа, «Серпін» білім гранты негізінде көшіп келген азаматтардың балалары тегін оқу мүкіндігіне ие болады. Ал кәсіпкерлікті қолға аламын деушілерге «Бизнес бастау» жобасы аясында қайтарымсыз және жеңілдетілген несиелер қарастырылған, – дейді Ә.Умалжанова.

 «SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары