Әлеумет 01.06.2019 сағат 12:02

Әлеуметтік көмек үшін ажырасу: Бердібек Сапарбаев алаяқтыққа жол бермеу мәселелерін талқыға ұсынды

Кеңес қорытындысы бойынша, АӘК рәсімдеу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмауға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.
Әлеуметтік көмек үшін ажырасу: Бердібек Сапарбаев алаяқтыққа жол бермеу мәселелерін талқыға ұсынды
primeminister.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еңбек министрлігінде АӘК тағайындау кезінде алаяқтыққа жол бермеу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды SN.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Ел Президенті Қ.К. Тоқаев Үкімет пен Президент Әкімшілігіне алаяқтықты тоқтату үшін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды. Біздің міндетіміз - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде толық заңдылықты сақтау үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қысқа мерзімде ұйымдастыру», - деп атап өтті Сапарбаев.

Арнайы кеңеске қатысушылар аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, оның ішінде өтініш берушілердің жәрдемақыға берген мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың деректер қорын өзектендіру және одан әрі интеграциялау, ауылдық жерлердегі байланыс каналдарын кеңейту, сондай-ақ жалған ажырасуға жол бермеу сынды өзекті мәселелерін талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша, АӘК рәсімдеу кезінде алаяқтық әрекеттерді болдырмауға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.

Сонымен қатар, Министр орынбасарларының басшылығымен Еңбек министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жергілікті жерлердегі барлық рәсімдердің заңдылығының сақталуын бақылау үшін өңірлерге барады.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар