Әлеумет 31.05.2019 сағат 23:52

Білім және ғылым министрлігі: «2020 жылы 70 мыңға жуық оқу гранты бөлінеді»

Бакалавриатта - 97 білім беру бағдарлама, магистратурада - 154 және докторантурада - 150 білім беру бағдарламасы бар. Оқуға түскен грант иегері солардың бірін таңдауы керек.
Білім және ғылым министрлігі: «2020 жылы 70 мыңға жуық оқу гранты бөлінеді»
inform.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

 2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019-2020 оқу жылына жалпы жиыны 69 256 грант бөлінбек. Оның ішінде бакалавриатқа - 53 785 грант, магистратураға - 13159 грант, PhD докторантураға - 2312 грант бөлінді. Биылдан бастап білім беру гранттары білім беру бағдарламаларына тағайындалады. Бакалавриатта - 97 білім беру бағдарлама, магистратурада - 154 және докторантурада - 150 білім беру бағдарламасы бар. Оқуға түскен грант иегері солардың бірін таңдауы керек», - делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.  

Дереккөз: Inform.kz
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар