Петропавлдық Марина Козловская 8 жасар қызын қыдырту үшін мешіт алдында садақа жинайды, деп хабарлайды SN.kz тілшісі "Азаттыққа" сілтеме жасап.
Еден жуып, ақша табатын ана "табысым күн көріске жетпейді" дейді. Тұрып жатқан үйінде тұрақты тіркеуі болмағандықтан жағдайы төмен отбасы ретінде әлеуметтік көмек те ала алмайтынын айтады.
Солтүстік Қазақстан облысында 18 жасқа толмаған 123 мың бала бар. Ресми мәлімет бойынша, олардың 9 мыңнан астамы жағдайы төмен отбасыларда тұрады.