01.06.2019, 18:14

Туған әкесін 29 жылдан кейін тапқан қыздың жазбасы елді жылатты

Nur.kz
Бойжеткеннің сөзінше, оның туған әкесін іздеу туралы өтінішін анасы қолдаған екен. Ару дүниеге келген сәтте, ата-анасының жолы екі айырылған көрінеді. Динара өзінің көп жылдық арманының орындалғанын жеткізді.

Атышулы «Қалаулым» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы 29 жылдан кейін туған әкесімен қауышты. Қуанышты жаңалығымен Динар Хайруллина өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткеннің сөзінше, оның туған әкесін іздеу туралы өтінішін анасы қолдаған екен. Ару дүниеге келген сәтте, ата-анасының жолы екі айырылған көрінеді.

Динара өзінің көп жылдық арманының орындалғанын жеткізді.

«Осы постты неден бастасам екен? Егер қысқаша айтатын болсам, мен өз әкеммен неше жылдан соң сағына қауыштым. Өмірде ғажайыптар расымен де орын алады екен. Бұл күнді мен ешқашан да ұмытпаспын», - деп жазба қалдырған ару.

Сондай-ақ, ол жазбасында 29 жыл бойы көрмеген әкесімен алғаш тілдесуі қалай болғанын баяндап берген.

Айтуынша, әкесі мен өзі де осы жаңалыққа қатты қуанған екен. Сонымен бірге, «Қалаулым» қатысушысының бауыры да бар екені анықталған.

Желі қолданушылары бойжеткен өміріндегі мұндай жаңалықты қуана қабылдаған.

Олар «Жарайсың», «Әкеңмен қауыштың. бақытың еселене берсін», «Бақытты болуға әбден лайықсың» деген пікірлерін жаудырып жатыр. 

Тегтер: іздеу әке