$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласында өрт қауіпсіздігі қағидалары түсіндіріліп жатыр

Шымкент қаласына қарасты Қаратау аудандық әкімдігінің мамандары Қаратау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірге көктем, жаз және күзгі маусымдарда өрттің алдын алу бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын бастады.

Жұмысшы топ осы аудандағы Қайнарбұлақ, Асар, Бозарық, Мәртөбе тұрғын алаптарының халқымен кездесіп, өрттің алдын алу, өрттің орын алуына жол бермеу, және өрттің туындауына әсер ететін түрлі жағдайларды егжей-тегжей баяндап, түсіндіріп жүр.

– Табиғатта өрт шығуының басты себебі – адамдарға тікелей байланысты. Жерге тасталған темекі тұқылы, сөндірілмеген от, балалардың сіріңкемен ойнауы, тағы сондай әрекеттердің барлығы өрттің орын алуына әкеп соғып, ауыр зардаптарға алып ұшыратады. Жазғы маусымда тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет, - дейді жауапты мамандар.

Жұмысшы топ орман және дала өрттері болған жағдайда 101 телефон нөміріне немесе Қаратау ауданы әкімі аппаратының 77-45-63 телефон нөмеріне хабарласуына болатынын айтты.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары