«Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде енесіне өмірлік жар іздеген келіншек жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
«Мен анама болашақта жақсы қолдау көрсететін кісі іздеймін. Маманың жасы 47-де, орыс тілі маманы. Тараздың орталығында тұрамыз. Үш ұлы бар, екеуі үйленді. Үшіншісі 10-сыныпта оқиды. Балалары қарсы емес. Енем жалғыздықтан шаршады, жас кезінен көп қиындық көріп келеді. Папамыз қайтыс болған. Тұрмыс жағдайы жақсы адам болса, жазсаңыздар», - делінген парақшадағы жазбада.
Бұл желі қолданушыларының қызу пікірталасын тудырды.
«Енеңмен ақылдасып шығардың ба, әлде өзің іздеп жатырсың ба?», «Енеңді «свиданиеге» сүйрегені несі, өзі таппай ма?» деп пікір қалдырды олар.