Екі күн бойы жалғасатын шарада: - мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алу («21 000 теңгені қалай аламын?», «Үй кезегіне қалай тұрамын?», «Көпбалалы отбасыларға қандай жеңілдіктер қарастырылған?», «1 пайыздық несиені рәсімдеу үшін не істеу қажет?» т.б. сұрақтар бойынша); - Әйелдер үшін визаж, тырнақ әрлеуші және де басқа мамандардан мастер кластар; - Заңгерлерден (оның ішінде отбасылық мәселелер бойынша) кеңес алу; - Ашық аспандағы йога, би, көңілді конкурстар; - Балалар үшін: күні бойы әртүрлі шоу түрлері: айна, сабын, қағаз, дино шоуы, трансформаторлық шоу, сыйлықтар, аниматорлар, қуыршақ театры, аквагримерлар; - Отбасылар үшін: түрлі тимбилдингтер өткізіледі.
Мұның барлығы тегін екенін айта кету керек. Мемлекеттен ешқандай қаржы жұмсалмаған. Барлығы әріптестер мен кәсіпкерлер арқасында жүзеге асайын деп отыр.
«SN.kz» - ақпарат»