Құрсайлық тұрғындардың сапалы жарық сұрағандарына көп жыл болды. Аудан әкімдерінің жыл сайын халық алдында беретін есептік кездесулерінде осы мәселе жиі айтылатын. Көпшіліктің өтінішін ескерген шаһар басшылығы биыл электр желілерін тарту жұмыстарын қолға алыпты. Мердігерлер көше бойына қаз — қатар бағана орнатып 1800 тұтынушыға електр есептегіш құралдарын қойыпты.
Мердігер мекеменің өкілі Есбол Уликов: «КТП — ді көшенің ұзындығы мен абонент санына қарай қойдық. 160\250 қуаты трансфарматорлар бар»,-дейді. Естеріңізге салар болсақ, бұған дейін ауыл халқы жеке меншік трансформатордан жарық алып, үш есе қымбат тарифпен ақы төлеп келген. Ол бір десек, кеш мезгілінде электр қуаты тапшы, сығырайған шаммен отыруға тура келеді дейді тұрғындар.
«Құрсай» шағынауданына жарық жүргізу үшін қала бюджетінен 560 млн. теңге қаражат бөлініпті. Тиесілі қаржыны толық игерген мердігерлер ауыл ішіне тартылған желі мен трансформаторларды «Ақжар» елді мекеніндегі қосалқы станциясына қосу жұмысын жүргізіп жатыр. Сала мамандарының айтуынша биылғы жылы қала аумағындағы электр тапшылығын көріп отырған 9 елді мекенге жарық жүйесін жүргізу жұмысы басталатын болады. Ауқымды бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттен 8 млрд теңге қаралған.
«SN.kz» - ақпарат»