22.05.2019, 18:17

Шымкент: «Shymkent City» қалашығында «Highvill» тұрғын үйлері салынады

Шымкент қаласындағы «Shymkent City» қалашығында биыл күзде «Highvill» компаниясының тұрғын үйлері бой көтере бастайды. Бұл туралы бүгін «Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюпов пен «Highvill Kazakhstanның» Бас директоры Канг Джон Дэның кездесуінде мәлім болды.

Кездесуде «Highvill» тарапынан «Shymkent City» жобасына жауапты басшы тағайындалып, таныстырылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің мерзімі мен жоспары талқыланды.

«Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюповтың мәлімдеуінше, кореялық флагман «Shymkent Cityден» көпфункционалды тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Жаңа қалашықта үлкен саябақ та қарастырылған. «Shymkent Cityде» 47 гектар аумақта оңтүстіккореялық теxнологиямен қала тұрғындарының игілігі үшін заманауи саябақ салынбақ.

Рашид Аюповтың айтуынша, «Shymkent City» қалашығындағы құрылыс жұмыстары 2019 жылдың күзінде басталады. Жалпы, жоспар бойынша алдағы 10 жыл ішінде «Shymkent Cityде» 7554 пәтер салынбақ.

«SN.kz»-ақпарат.