«Алғашқы болып келген 17 автобусты өзім жеке тексеріп, сапасына көз жеткіздім. Тіпті жүргізушінің орнына да отырып көрдім! Ауа баптағыштар, пандустар, бейнекамералар, жолаушылар ағыны датчиктері, GPS-трекерлер, электрондық табло, барлығы – орнында. Күн сайын қалаға 5 автобустан жеткізілетін болады», — делінген жазбада.
Қоғамдық көліктер, автокөлікке қойылатын барлық техникалық стандарттар мен заманауи талаптарға жауап береді. Жолаушылардың жалпы сыйымдылығы — 56 адам, автобус ұзындығы – 8,5 метр. Қосымша жайлылық мейлінше қарастырылған. Кондиционер, бейнебақылау жүйелері, сондай-ақ салондағы жолаушыларға дыбыстық хабарлау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында биыл «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы шаһарға 1000 автобус алу жоспарланған. Бұйыртса, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус келеді. Қалған 700 автобус жылдың соңына дейін жеткізілмекші.
«SN.kz»-ақпарат.