$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: Жауаптылар жаңадан салынып жатқан автобус паркін аралады

Шымкент қаласындағы жаңадан бой көтеріп жатқан автобус паркі барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов «Facebookтегі» өз парақшасында жария етті.

«Менің күнделікті қайталанатын жұмыс кестемдегі маңызды бөлік – ол нысандарды аралап, оларға тексеру жүргізу. Бүгін автобус паркінде болдым. Оның авторы ретінде бәрі жоғары деңгейде болғанын қалаймын. Мақсат – өзге өңірлерге үлгі болатындай, елдегі ең үздік автобус паркін құру. Осы жобаны ойластырғанда, бұл барлық қажетті инфрақұрылымы бар заманауи парк болғанын қаладым. Әлбетте, сондай болмақ: бұған дейін айтып өткенімдей, паркте ЖМС, сервистік орталық, жуу орны, медпункт, жатақхана және асхана болады. Біздің кемшілігіміз және артықшылығымыз – біз тасымал саласымен бұрын айналыспадық және бәрін «нөлден» бастап жүзеге асырудамыз. Сондықтан жауапкершілік деңгейін ескере отырып, нысанға үздіксіз бақылау жүргізу өте маңызды!» - деп жазады Рашид Аюпов.

Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында биыл «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы шаһарға 1000 автобус алу жоспарланып отыр. Нақты айтсақ, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус келеді. Қалған 700 автобус жылдың соңына дейін жеткізілмек.

Қазіргі таңда Шымкентте 26 көлік компаниясы бар. Күн сайын 1200 автобус пен шағын автобус халыққа қызмет етеді. Күнделікті 500 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көлікпен қатынайды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары