Полковник Ерғали Бахаев ата-аналар мен балаларды мерекемен құттықтап, бар жақсылықтарды тіледі. Ал, №1 мамандандырылған жасақтың ұжымы кішкентай қонақтарға түрлі түсті шарларды сыйға тартты. Бүлдіршіндер ата-аналарының жұмысымен танысып, өрт сөндіру техникалары мен жабдықтарды өз көздерімен көріп, таң-тамаша болды. Олар автокөліктердің кабиналарына отырып, қолдарында әкелері күнделікті қолданатын жабдықтарды ұстап, шаттыққа бөленді.
Өрт сөндіру-құтқару спортының шеберлері өз өнерлерін көрсетті. Ал, жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары таудан, биік ғимараттардан эвакуациялау тәсілдерін көрсетті. Балалардың арасынан ең мықты, ержүрек балалар арнайы альпинисттік жабдықтардың көмегімен өздеріннің күштерін сынап көрді. Іс-шараның соңында балапандарға мерекелік дастархан жайылып, Аю және Микки Маус костюміндегі аниматорлар балалардың көңілін көтерді.
«SN.kz» - ақпарат»