2017 жылдың 18 қаңтарында сол кездегі ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында «Шатқал» бағдарламасын қабылдады. Қала аумағындағы сай саланы игеру мәселесін қалалықтар қуана құптап, жабыла сенбілік өткізіп, бірнеше мыңдаған түп ағаш көшеттерін отырғызды. Нәтижесінде 7 шатқал пайда болып, әрқайсына атау берілді. Оған бюджеттен қаражат бөлініп, суғару жүйелері жүргізілді. Тік ұңғыма қазылды, трансформаторлар орнатылды.
Өкінішке қарай, арада екі жыл өтпей жатып ол бағдарламаның маңыздылығы кеткен секілді. Бір ғана мысал, сол кездегі екі бірдей депутат Рәшкүл Оспанәлиева мен Н. Әбішовтің есімі берілген шатқал бүгінде тас — талқан болып, жері қопарылып жатыр. Құрылысшылардың айтуынша мұнда жеке меншік компания көпқабатты 21 үй салмақ ниетте екен. 6 гектарға жуық жер телімі сол мекемеге рәсімделіпті.
«SN.kz» - ақпарат»