«Professional» жобасын Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы жүзеге асырып жатыр. Бұл бастама арқылы бос жүрген азаматтар жұмыспен қамтылады. Яғни бітіруші түлектер үшін таптырмас мүмкіндік.
«Бұл жоба 3 бағыт бойынша жүзеге асады. Оның ішінде: жұмыс күшін қажет ететін мекемелерді топтастыру, үміткерлерді іріктеу, мамандарды мекемелерге жіберу бойынша. Компания өкілдері өз қажеттіліктеріне байланысты үміткерлерді сұхбаттасу арқылы іріктеп алады. Сынақтан өткен кадрлар мен компания арасында уақытша келісім жасалып, жұмысқа жолданады», - дейді Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев.
Жоба аясында қаладағы «ТОП-100 компаниямен» бірігіп, жастарды жұмыспен қамту көзделген. «Professional» жобасын іске асыру барысында тараптар жас мамандарды жұмыспен қамтуда сандық емес, сапалық көрсеткіштерге назар аудармақ.
«SN.kz»-ақпарат.