Бұл туралы Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы Димаш Дәуренбеков былай дейді: «Биыл қасиетті Рамазан айында зиялы қауымды, ардагерлеріміз бен ақ жаулықты аналарымызды ауызашарға шақырып, дастарқан жаямыз деп ойластырған едік. Бірақ ақылдаса келе, көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді жөн көрдік. Сондықтан да ауданымыздағы көмекке зәру отбасыларға ұн, қант, шай, күнбағыс майы сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік тараттық. Жаңашыл форматта өткен шараға жастарды да тартып, олардың қайырымдылық шараларға кеңінен қатысуы насихатталды».
«SN.kz»-ақпарат.