$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласында базар маңындағы 19 дүңгіршек алынып тасталды

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы әкімдігінің мамандары кезекті рет заң бұзушылықпен күреске шықты. Бұл жолғы нысан – қала орталығындағы Төлеби көшесінде орналасқан «Базар» акционерлік қоғамы маңындағы ретсіз сауда.

Бұл жердегі ретсіз саудамен күрес жұмыстары Шымкент қаласында талай жылдан бері жүргізіліп келе жатса да анау айтқандай шешімін таппай келе жатқан еді. Былтырдан бастап заңсыз саудамен күресуге шындап кіріскен қала басшылығы осы мәселеге нүкте қоюға жақын қалғаны күн өткен сайын аңғарыла бастауда.

Аудан аппараты қызметкерлерінің сөзінше, заңсыз сауданы түбегейлі жою үшін «Қырғы базар» аумағы заман талабына сай толық қайта құрылуы тиіс. Бүгінгі таңда бұл жұмыс басталған, жоспар бойынша 2020 жылы аяқталады екен. Ал әзірге саудагерлерге тек түсіндіру жұмыстарын жүргізуден өзге амал жоқ.

2018 жылы заңға бағынбаған 839 тұлғаға әкімшілік хаттама түзілген. Ал биыл жыл басынан бері 38 рейд ұйымдастырылып, 567 әкімшілік хаттама толтырылған. Заңсыз орналасқан 19 дүңгіршек алынып тасталды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары