$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты

Бұл туралы қала әкімі Ғ. Әбдірахымов өзінің Инстаграм парақшасында жария еткенін айта кетейік.

«Кезекті рет Байтұрсынов көшесіндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, қадағалап шықтым. Мақсатымыз - бұл көшені қаланың ең көрікті көшелерінің біріне айналдырып, болашақта басқа көшелерді де осы үлгі бойынша жөндеп, қаламызға сән беру. 
Алайда, кейбір жеке тұлғалар өз бастарының мүдделерін қоғам мүддесінен жоғары қоюда. Мысалы, жекеменшік Шымкент экономикалық колледжінің басшылығы арендаға тапсырылатын футбол алаңшасы көрінбей қалғандықтан көше бойындағы ағаштарды кесіп тастаған. Бұл жағдай бойынша заң аясында қатаң іс-шара қолдануды тапсырдым. Қаланың көркін бұзатын, тұрғындарға қолайсыздық тудыратын осындай келеңсіз іс-әрекеттердің барлығы қатаң жазаланатын болады
», - деп жазды Шымкент қаласының әкімі өзінің Инстаграм парақшасында.

Айта кетсек, былтырдан бері Шымкент қаласындағы орталық көшелерді кеңейтіп, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерге ыңғайлы ету үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #жол