Бүгінгі таңда төрт ауданның да әкімдері күн сайын қала тұрғындарын қабылдап, олардың арыз-шағымдарын тыңдап, орын алған мәселелерге байланысты қолдарынан келгенше жәрдем беруде. Әр сала бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың қабылдауында бүгінге дейін 400-ден астам тұрғын болған көрінеді. Әрбір келген азаматтың өтінішінің қанағаттандырылуы қатаң бақылауда ұсталады екен. Және де өтініш негізінде жасалған шаруалардың есебін әкімдердің өздері тексеріп отырады. Бұл да болса халықтың көңілінен шығатын нәтижелі жұмыс деп айтуға болады.
Бұдан бөлек, аудан әкімі аудан аумағындағы 8 елді мекен тұрғындарымен жиі кездесіп, әлеуметтік желі арқылы да жұмыс істейтінін айтты.
«SN.kz» - ақпарат»