$ 448.15  483.46  4.86

Шымкент: Халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың төрағалық етуімен халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев, қалалық Ауыл шарушылығы және ветеринария, Білім басқармаларының өкілдері қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекованың төрағалық етуімен өткен үйлестіру кеңесінде денсаулық сақтау саласына қатысты өзекті мәселелер қаралды. Нақтырақ айтқанда, басқосуда аса қауіпті жұқпалы аурулар, жол-көлік оқиғалары және мектеп оқушылары арасындағы ауруларды алдын алу жұмыстарын күшейту жайы талқыланды. Үйлестіру кеңесінде көтерілген мәселелердің шешу жолдары туралы шаһар басшысының орынбасары Гүлжан Құрманбекова барлық жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, оның тиісті деңгейде орындалуын қадағалауды тапсырды. Егер денсаулық зор байлық деген тұрғыдан алсақ, қала әкімдігінің бұқараның денсаулығын сақтауға ерекше мән беріп отырғаны қуантады.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары