$ 444.32  473.33  4.76

Шымкент қаласында сайлау өтетін күні қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетпек

9 маусым, яғни сайлау өтетін күні Шымкент шаһарының тұрғындары қоғамдық көліктермен тегін қатынайтын болады. Бұл жайында бүгін Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев мәлімдеді.

Қаланың көлік қауымдастығы 9 маусым күні өтетін Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткерді кезектен тыс сайлауға қатысатын дауыс берушілердің емін-еркін жүріп-тұруына жағдай жасау үшін осындай шешім қабылдаған. Қоғамдық көліктер сайлау күні таңғы сағат 7:00-ден кешкі 21:00-ге дейін барлық автобус қызметі үшін ақы сұрамайды. Айта кетерлік жайт, Шымкент қаласының тарихында жолаушы тасымалдайтын компаниялардың тұрғындарды жаппай тегін тасымалдауы алғаш рет орын алып отыр.

Жалпы, жексенбіге белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына дайындық іс-шаралары қыза түскен. Шымкентте осы күні 260 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Еске салайық, қала тұрғындары қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында ЖСН нөмірін жазу арқылы біле алады. Ал сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары