$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент қаласы әкімдігі тоқымашы Тохташ Кулиеваны ұмыт қалдырмайды

Тоқымашының жұмысқа деген ынтасы елеусіз қалмады. Шеберлігі үшін 1971 жылы Кеңес Одағы Жоғарғы Кеңесі Президиуымының Жарлығымен Тохташ Кулиева Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталды. Бес жылдықтың қорытындысымен өндіріс озатына кезекті рет Еңбек Қызыл Ту ордені табыс етілді. Бесжылдық тапсырмаларды кезеңінен бұрын орындаған Тохташ Алеасқарқызының есімі 1981 жылы Қазақ Социалистік Кеңес Одағының «Алтын Құрмет» кітабына енгізілген.

Жасы келсе де апа тың, қимылы ширақ. Шұбарсу саяжайында тұратын жалғыз баласына қонаққа барғанды жақсы көреді. Коммуналдық төлемдер, азық-түлік, балалардың оқуы ақ жаулықты ананың мойнында. Көпті көрген әжей «Өмірдегі басты құндылық сыйластық» дейді. Абай ауданы әкімдігіндегілер іскер апаны ұмытпайды. «Ауданымызда 13 ҰОС ардагері мен 1503 тыл еңбеккері бар. Тохташ Кулиеваны қала күні мерекесіне шақырамыз. Сый-сияпатын береміз» дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Санжар Тасқынбайұлы.

Абай ауданы әкімдігі әжейдің денсаулығын сауықтыру үшін тиісті жолдама алмақ мақсатта қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына хат  жіберетін болды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары