“8 маусым күні Абай ауданындағы 1935 жылы саманнан салынған бір қабатты жатақханада орын алған өрт салдарынан 86 адам баспанасыз қалып, уақытша басқа жатақханаларға орналастырылған болатын.
Бүгін сол тұрғындармен кездесіп, күрделі жағдайдың шешімін бірге қарастырдық. Нәтижесінде ескі ғимараттың орнына инвесторлар есебінен көпқабатты тұрғын үй салу шешімі қарастырылуда.
Жаңа салынатын тұрғын үйде бұрынғы жатақханада тіркелген тұрғындар үшін бұрынғы иелік еткен аумағына тиісті пәтерлер бөлінетін болады. Қазір бұл шешімнің мән-жайы зерделеніп, қосымша қажетті жұмыстар жүргізілуде”, деп жазды Ғабидолла Әбдірахымов «Инстаграмдағы» парақшасында.
«SN.kz»-ақпарат.