«Shymkent» ӘКК» АҚ басқармасының төрағасы Рашид Аюповтың мәлімдеуінше, қазіргі таңда қалада Қазақстанда құрастырылған 160 автобус қатынауда. Биылғы шілде айында тағы 140 автобус жолға шығады. Жалпы, 2020 жылдың наурыз айына дейін тағы 700 жаңа автобус жеткізіліп, автопарктегі көлік санын мыңға жеткізу жоспарланып отыр екен.
Айта кетейік, «Анкай» маркалы автобустар Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» АҚ зауытында құрастырылады. Қоғамдық көліктер GPS-бағыттауыштармен, желдеткіш жүйесімен, LED-экрандармен және бейнекамералармен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін пандустар қарастырылған. Сондай-ақ жоба аясында жол ақысын төлеудің "Оңай" электрондық жүйесін орнату жоспарланған.
«SN.kz»-ақпарат.