$ 446.49  475.38  4.79

Шымкент: Асқар Мамин жұмыс сапары барысында жергілікті нысандар жұмысымен танысты

Премьер-Министр алдымен қаладағы кәріз-тазарту жүйелерінің аумағында болып, қалдық суды тазарту жүйесінің жұмысымен танысты. Қалдықтан электр энергиясын алатын биогаз қондырғысының жұмысын көрді.

Жауапты мамандардың Үкімет басшысына баяндауынша, 2016 жылы тазарту құрылғыларына жаңарту жұмыстары жүргізіліп, тиімді технологияның көмегімен өндірістік қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метрге жетіп отыр. Биогаз өндіретін станция орнатылған.

Жалпы, қала бойынша қалдық су жүйесінің ұзындығы – 838 шақырым.

Қалдық су және кәріз жүйесінің жұмысын одан әрі дамыту үшін қала аумағында алдағы уақытта қуаттылығы тәулігіне 150 мың және 60 мың текше метр болатын 2 кәріз тазарту қондырғысын салу жоспарланып отыр. Құрылыс бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады.

«25 миллиард теңге инвестиция тартылды. Озық технологияның арқасында судың шығын көрсеткіші кәдімгідей төмендеді. Мәселен, егер 90-жылдары адам басына 450 литрден тисе, қазір 130 литрден келіп отыр» дейді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің төрағасы Анарбек Орман.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары