$ 443.85  474.3  4.8

Шымкенттегі Халықты жұмыспен қамту орталығында медиация кабинеті ашылды

Мұндай игі бастама елімізде алғаш рет Шымкент қаласында қолға алынып отыр. Татуласу алаңының ашылуына Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахманберді, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғалымжан Балтаев және Ассамблея мүшелері қатысты.

- Халықты жүмыспен қамту орталығына тұрғындар көбінесе өзекті мәселесімен келеді. Сондықтан осында медиация тәртібін қолға алсақ дейміз. Азаматтарда болған дау-жанжалда бірден сотқа жүгінбей, медиаторлардың көмегімен өзара татулықпен шешуі тараптар үшін тиімді. Тұрғындар көбіне медиаторларды іздеп барғысы келмейді, ол туралы ақпараты жоқ болуы мүмкін. Ал орталықта әлеуметтік мәселесімен қатар құқықтық жағдайының шешілуіне мүмкіндігі бар, - деді Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді.

Қаратау аудандық сотының бастамасымен ашылған кабинетте "Дана" құқық және медиация орталығының кәсіби медиаторлары қызмет көрсетеді. Орталықтың ашылу салтанаты сәтінің өзінде кабинеттен кеңес сұраушылар қарасы көбейді.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары