$ 443.85  474.3  4.8

Шымкент: көпқабатты тұрғын үйлердің цифрлы паспорты жасалып жатыр

Шымкент шаһарында көпқабатты 2049 тұрғын үйдің 997-нің цифрлы паспорты жасалды. Сондай-ақ қалаішілік 1102 қоғамдық көлікке GPS орнатылған. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брицингте Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Юсупова мәлімдеді.

Шымкентте «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ақылды қала» жобасы денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, көлік, қауіпсіздікті қамтамасыз ету сынды 5 негізгі бағытта жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында электронды түрде есепке алу, есеп беру ақпаратын жүргізуге көшкен денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 33%, ал электрондық рецептердің үлесі 55%-ды құрайды.

«Сергек» интелектуальды бейнебақылау жүйесінде қала аумағында 104 камера іске қосылып, жол-көлік оқиғалары мен жол жүру ережесін бұзу оқиғалары 16%-ға төмендеген.

Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Айнұр Абдуахасқызының айтуынша, 195 мемлекеттік қызметтің 123-і электронды түрде жүргізіледі.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары