$ 444.22  476.38  4.82

Үкімет мүшелері Шымкентке табан тіреді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров Арыстағы жарылыс кезінде зардап шеккен азаматтардың жағдайымен танысу үшін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.

Астана қаласынан келген Үкімет мүшелері Шымкент қалалық клиникалық ауруханасындағы апаттан зардап шеккен екі науқастың жағдайын көзімен көрді. Зардап шеккендердің бірі – 57 жастағы азамат. Дәрігерлер оған шұғыл түрде ота жасап, өмірін аман алып қалды. Ол снарядтан жарақат алып, шат сүйектері сынған. Ауруханаға жеткізілген кезде науқас көп қан жоғалтқан екен. Операция өте күрделі болып, екі сағатқа созылған.

Зардап шеккен екінші науқас – 16 жасар азамат. Жас жігіт қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. «Жағдайы тұрақты ауыр» дейді дәрігерлер. 

Сондай-ақ Үкімет мүшелері қалалық балалар ауруханасында жатқан сегіз жастағы баланың хәл жағдайын көріп шықты. Балақай жол-көлік оқиғасында жарақат алған. Оқыс жағдай кезінде баланың басына зақым келіпті. Қан кетуді жою мақсатында дәрігерлер балаға шұғыл түрде ота жасаған. Операциядан соң Алматыдан арнайы жеткен реаниматолог пен нейрохирург баланы қарап шықты. Қазір бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары