$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте биыл 26 тұрғын үй пайдалануға беріледі

Бұл үйлерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы қол жеткізуге болады. Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің лентасы желтоқсан айында қиылады. Үйлердің жалпы саны – 26. Пәтерге шаққанда – 1164.

Қалалық құрылыс басқармасының басшысы Әбілсейіт Рабаевтың айтуынша, аталған тұрғын үйлерді салу үшін бағдарламаның операторы – «Баспана» АҚ-нан 10 млрд. теңге және жеке инвесторлардан 2,7 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

– Жыл соңына дейін, дәлірегі, желтоқсан айында нысандар пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жеке инвесторлар өздерінің құрылысқа құйған қаржысының үлестік пәтерін алады. Сөйтіп, хабарландыру беріп, екінші деңгейлі банктер арқылы оны «7-20-25» бағдарламасымен өткізеді. «Баспана» АҚ-ның үлесіндегі пәтерлер де сол бағдарламамен үлестіріледі. Бірақ мұнда басымдылық тұрғын үй кезегінде тұрғандарға, көп балалы отбасыларға, ТҮҚЖБ салымшыларына беріледі, - дейді Әбілсейіт Рабаев.

«Баспана» АҚ-ның қаржыландыруымен бой көтеріп жатқан үйлердің құрылысына «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жауапты. Корпорацияның баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, «7-20-25» бағдарламасы аясында «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан жалпы ауданы 73377,4 ш.м. болатын 26 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, «Тұран» ш/а — 14 тұрғын үй, «Асар-2» ш/а – 10 тұрғын үй, «Шығыс» ш/а – 1 тұрғын үй, әкімшілік-іскерлік орталығында 1 тұрғын үй салынып жатыр.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары