$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте биыл 4,8 млрд теңгеге амбулаториялық дәрімен қамтамасыз етуге ұсыныс түскен

Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау күшейтілді. Бұл туралы ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Л.Бюрабекова, СК «Фармация» ЖШМ төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп Шымкенттегі ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Жиынға Шымкент қаласындағы мемлекеттік, жекеменшік денсаулық ұйымдарының басшылары да қатысты.

– Дәрінің бағаларын реттеу, дәрі-дәрмектерді рецептімен сату және контрабандаға қарсы күресті күшейту бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді. Қазіргі кезде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың бес негізгі қадамы әзірленді, - деп атап өтті Л.Бюрабекова. СК «Фармация» ЖШС төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп Шымкентте биылға құны 4,8 млрд теңгені құрайтын амбулаториялық дәрімен қамтамасыз етуге ұсыныс түскенін жеткізді.

– Тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету мәселелері бойынша және препараттарды рецептімен сату туралы ақпарат алу үшін Саll-орталық іске қосылды. Осы орталыққа 1439 қысқа нөмірі арқылы тегін босатылатын дәрілер жайында кез келген ақпаратты білуге және шағымдануға болады. 2018 жылы желіге аптасына 8500, 2019 жылы 2500 адам хабарласып, қажетті сауалына жауап алды, - деді Б.Шәріп. Брифинг барысында жауапты мамандар жалған дәрілік заттармен күрес, дәрілік заттарды рецепсіз босату және жазу қағидаларын бұзу мәселелерін талқыға салды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дәрі #Шымкент