$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент қаласының әкімдігі Арыстағы нысандарды қалпына келтіруге көмектесіп жатыр

Арысқа еліміздің барлық өңірінен мамандар келіп жатыр. Қала 17 секторға бөлінген. Шымкент қаласы қалпына келтіретін секторда 579 нысан бар. Солардың 449-ы тұрғын үйлер. 130-ы әлеуметтік нысандар, коммерциялық және тағы басқа жылжымайтын мүлікке жатады. Жалпы қалада 7 708 үй тізімге алынды. Шамамен бұл үйлердің 85%-на зақым келген.

- Қазір қалпына келтіру жұмыстарының жол картасын жасап жатырмыз. Бұл құжатқа әрбір нысан бойынша тыңғылықты ақпарат енгізіледі. Шаруашылық жай да кіреді. Келтірілген шығын көлемі, қалпына келтіруге қажетті атқарылатын жұмыс мәліметі болады. Құрылыс басқармасы, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен сәулет және қала құрылысы басқармаларының мамандары үйлерді алғашқы тексерістен өткізді, - дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев.

Еске сала кетсек, Арыста 449 тұрғын үйдің 227-іне ағымдағы және күрделі жөндеу қажет. 6 тұрғын үй толықтай қираған. Сол үйлерді қайта салу қажет. Штаб барлық нысандарды толықтай техникалық тексерістен өткізеді. Шымкент қаласы әкімдігі және Арыс қаласы әкімдігінің қызметкерлері бірлесе жұмыс істейтін болады. Шымкент жауапкершілігіне алған секторда тұратын адам жаңа ақауларды тапқаны жөнінде кез келген сәтте хабарлай алады. Бүгінгі таңда Шымкент әкімдігінің жауапты қызметкерлері үйлерді жөндеуге кірісіп кетті.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #Арыс