$ 498.34  519.72  4.85

«2 айлық немерем шырылдап тұр»: 2 үйі жарылып кеткен Арыс тұрғыны жергілікті биліктің алдағанын айтып жылады (ВИДЕО)

Нағима Әбдіхалықованың 2 бірдей үйі жарылып кеткен. Айтуынша әкімдіктегілер тұрғындарды Арысқа алдап шақырып алған.

Әлеуметтік желіде «8 немерем далада қалды» деп шырылдаған Арыс тұрғынының видеосы тарады. Қарт кісі жағдай жасаймыз деген әкімдіктің бүгінге дейін қалада қарасы да көрінбегенін айтады. 

Нағима Әбдіхалықованың 2 бірдей үйі жарылып кеткен. Айтуынша әкімдіктегілер тұрғындарды Арысқа алдап шақырып алған. 

«Кім бар мұнда Арыстан? Ешкімді көріп тұрғаным жоқ әкімшіліктен. Кеше айтты ғой, Арысқа түссеңдер болды деп. «Қала берейін, бірдеңе табылар» дедім. Жоқ, барыңдар. Сендерді бара салып мектепке орналастырамыз деді. Міне, екі айлық бөпе, сегіз немерем шырылдап тұр. Екі үйім жарылып кеткен. Үйім бүтін болса, сонда барып отырар едім.

Неге мені алдайды? Әйтпесе туысымның үйінде қалатын едім ғой. «Қанша ағайын болса да, сегіз немереммен сыймаймыз ғой, одан да барайын. Үкімет бір жерді пана етіп береді ғой» дедім. Жарты сағаттан асты түскеніме. Балаларды қайда апарамын шырылдатып? Дайын жер болмаса неге апармайсыңдар адамды? Айтыңдаршы, сол жерге таксимен өзім-ақ барайын», - деп әйел көз жасына ерік берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс