- Штаб туралы айтсам, мұнда қала әкімдігінің 22 маманы жұмыс істейді. Сектор тұрғындары бізге кез келген сауал бойынша жүгіне алады. Өзім күнде штабқа келемін. Біздің қарауымызға берілген секторда 644 үй бар. Солардың 574-і жөндеуді қажет етеді. 6 ірі компания айқындалды. Компаниялар барлық зақымдалған үйді тексеріп, өлшеп шықты. Солардың 90 қызметкері қалпына келтіру жұмыстарына кірісті, - деді әкім орынбасары.
Б. Мамыталиевтың баяндауынша, онда таяу уақытта құрылысшылар санын 500-ге жеткізу көзделіп отыр. Жалпы сектор аумағында Камаз, экскаваторлар және тағы басқа қажет арнайы техникалар жеткілікті. Әрбір көшеге жауапты мердігердің және оның телефон нөмірі көрсетілген билбордтар ілінген. Тұрғындар қандай да бір сауалмен мердігерге тікелей хабарласа алады. №10 сектор аумағындағы қалпына келтіру жұмыстарының барлығы бір ай ішінде толық аяқталады.
«SN.kz» - ақпарат»