$ 494.87  520.65  4.91

Елордада аз қамтылған отбасыларды тұрғын үй алу үшін несиелеу басталды

Жолдама алу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 17-31 шілдесі аралығында қабылданады (I кезең).

Елордалық тұрғын-үй қоры «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Аз қамтылған отбасыларды тұрғын-үй сатып алу үшін несиелеу» аясында жолдама қабылдау басталды. Бұл туралы әкімдігінің сайты хабарлайды.  

Жолдама алу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 17-31 шілдесі аралығында қабылданады (I кезең). 

«Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға көпбалалы отбасы, толық емес отбасы, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы санаттарында кезекте тұрғандар қатыса алады. 

Бұдан басқа, бағдарламаның шарттары бойынша отбасының бір мүшесіне шаққандағы табысы 42500 теңгеден аспауы тиіс. Несиелеудің ең көп сомасы 15 млн. теңгені құрайды. Несие мерзімі 20 жылға дейін, бастапқы жарна - тұрғын үй құнының 10% мөлшерінде. Тұрғын үйді бастапқы және қайталама нарықта сатып алуға болады. 

Бұл ретте бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін 1 млн. теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификаты тек бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алуға арналған»,-делінген хабарламада. 

Осы бағдарлама бойынша өту үшін 3 кезеңнен өту керек: Тұрғын үй қорынан жолдама алу (Р. Қошқарбаев д-ы, 39); Жолдамамен ТҮҚЖБ-не жүгіну және өзінің төлем қабілеттілігін растау; Егер Сіз бастапқы нарықты таңдасаңыз, онда Сізді 1 млн теңге мөлшеріндегі тұрғын үй сертификатын алу үшін Достық көшесі, 13 мекенжайында орналасқан Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына жолдайды, ал егер қайталама нарық болса, онда ТҮҚЖБ шотына тұрғын үй құнының 10% бастапқы жарнасын салу қажет. Жолдама алғаннан кейін азаматтар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-на несие алуға өтінім беруі үшін жолығулары қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Елорда