$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда жалғызбасты ана балаларымен жертөледе тұрып жатыр

Мемлекет тарапынан берілетін баспанаға ұсыныс жасау үшін Биғайшаның құжаттары дұрыс болмаған. 3 жылдан бері Нұр-Сұлтанда тұрып келе жатқанын растайтын қағазды жауапты органдар көпбалалы жалғызбасты анаға бермей титықтатқан.
Нұр-Сұлтанда жалғызбасты ана жертөледе тұрып жатыр, деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Төрт бірдей баласымен далада қалған Биғайша Исабекова жарты жылға жуық уақыт бойы жертөлені паналап келеді. Қазіргі таңда көп балалы ананың атаулы әлеуметтік көмекке күні қарап отыр. Одан өзге табыс көзі жоқ. 

«Бір жерде тұрдым. Ол суық болды, 45 мыңға жалдадым. Оған ақша керек, ақшам болған жоқ. Қосымша коммуналық қызмет ақысы болды. Сосын жағдайым болмай, осы жерге көшіп келдік. Алимент төлемейді. Өйткені жұмысы да жоқ», - дейді Биғайша Исабекова.

Мемлекет тарапынан берілетін баспанаға ұсыныс жасау үшін Биғайшаның құжаттары дұрыс болмаған. 3 жылдан бері Нұр-Сұлтанда тұрып келе жатқанын растайтын қағазды жауапты органдар көпбалалы жалғызбасты анаға бермей титықтатқан.

«Мені жібермеген жері жоқ. Үш рет сотқа бардым. Құжатыңыз дұрыс емес, сіз бізге қарамайсыз деп, тағы да басқа жерге жібереді. Ол жақта да менің мәселемді ешкімнің қарағысы жоқ. Осылай жүргеніме жарты жыл болды», - дейді Биғайша Исабекова.

Қазіргі таңда күйеуінен үміт үзген келіншек біреудің жертөлесінде тұрып жатыр. Өркениеттен құр қалған Биғайша елсіз жерге көшіп кеткендей күй кешіп жүр. Жалғызбасты әйел балаларының болашағына алаңдайды.

«Мен оның балаларымен бұл жерде тұрғанына қарсы емеспін. 4 баласымен жалғыз әйел қайда барады? Бірақ мұнда ешқандай жағдай жасалмаған. Не су, не жарық жоқ. Ондай жерде адам қалай өмір сүреді?!» - дейді жертөленің иесі Саяна Смағұлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары