$ 446.49  475.38  4.79

«Болашақтықтар» қайырымдылыққа 25 млн теңге аударады

VIII Қысқы Қайырымдылық Балынан түскен 25 млн тенгеден астам қаражат түгелімен аутизм сырқатына ұшыраған балаларға және аз қамтылған отбасы балаларына арналған білім беру бағдарламаларын қолдауға жұмсалады.

Жыл сайын дәстүрлі өткізіліп келе жатқан VIII Қысқы Қайырымдылық Балының биылғы ерекшелігі балдың негізгі стильдік мазмұнынын «Қазақ өнерімен шабыттанамын» атаулы ұлттық құндылықпен, яғни шығармашылық призма арқылы қазақтың кең-байтақ даласын және ұлы көшпенді ұрпақтарының тарихын көрсететін қазақ халқының көркемдік аңыздық интерпретациясымен астастырыла көрсетуі болып табылады.

Тұңғыш рет балды халықаралық байқаулардың лауреаты Гүлмира Құттыбадамова көркемдік жетекшілік жасайтын камералық хор ашты. Каммералық хор атақты Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әуенін  тамылжыта орындады.

Бал дәстүрі бойынша елорданың танымал хореографтардың жетекшілігімен 30 жұп заманауи әуеннің сүймелдеуімен қойылатын би нөмері қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Бал дебютанттарының қатарын «Қазақ аруы - 2015» байқауының жеңімпазы Кәмшат Қоскелова және кино актер Әнуар Нұрпейісов толықтырды.

Еліміздің үздік эстрада әншілерінің бірі Әли Оқаповтың орындауындағы ҚР Мәдениетінің құрметті қайраткері, әнші, музыкант, саксофоншы, ақын Батырхан Шөкеновтың рухына арналған нөмер кештің ең маңызды сәттерінің біріне айналды.

«Бұл балдың ерекшелігі шараны ұйымдастыруға көптеген компаниялар үлес қосуы болып табылады. Қаражаттың көп бөлігі «Әрбір бала мектепке баруға лайық» жобасына бағытталады. Бүгінде, өкінішке қарай, аутизммен ауыратын балалардың жалпы білім беретін мектептерде оқуына жағдай толық жасалмаған. Сондықтан біз әрбір баланың білім алу құқығын жүзеге асыруына көмектесеміз», - дейді «Болашақ» Корпоративті қорының директоры Динара Шайжүнісова.

Балдың тағы да бір ерекшілігі – өнер және спорттық заттардың бірегей аукциондық шарасы деп айтар еді. Бұл көптеген компаниялар және ұйымдардың қайтарымсыз игі істерінің арқасында іске асып отыр. Лоттар арасында: Қазақстанның екі дүркін чемпионы «Астана» футбол клубының барлық команда мүшелері қолы қойылған доп, «Astana Аrlans»  кәсіби бокс спорттық клубында апталық жаттығу,  «Барыс» хоккей клубы ұсынған спорттық жабдықтар, Alsara вy Damiani коллекцияларының жалғыз дана етіп шығарылған әсем бұйымы.

Қайырымдылық балдан түскен 25 млн теңге қаражат аутизм сырқатына шалдыққан балаларға және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына арналған білім беру бағдарламаларын қолдауға жұмсалатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары