$ 494.87  520.65  4.91

Жыныстық қатынас кімде қанша болуы керек?

Соңғы 15 жылда 60 жастан асқандардың интимді қатынасқа түсу белсенділігі артқан.

Жұбайыңызбен арадағы «ыстық» қарым-қатынас әлі де алаулап тұр ма әлде тек қана бір көрпенің астында ғана ұйықтауды қанағат етіп жүрсіз бе? Жұптардың арасындағы интимді қарым-қатынасты олардың жас ерекшелігі де «басқарып» отыратынын білесіз бе? 

Иә, сіздің төсектегі әлеуетіңіздің денсаулықпен қоса жасыңызға да тәуелді екендігі зерттелген. Бұл туралы репродукция және жыныс, жыныстық қарым қатынас туралы зерттейтін Кинси институты зерттеу жүргізіп, түйінін шығарған. 

Институт зерттеушілерінің бұл реттегі нәтижесі бойынша, 30 жастағылар жыныстық қатынаспен аптасынан шамамен 2 рет айналысса, өмірінің төртінші ондығын сүріп жатқандар – 1,6 рет айналысатын көрінеді. 

Ал 40 пен 50 жас аралығындағылардың сексуалды қарым-қатынасы сиреп, ол көрсеткіш аптасына 1 реттен де сирек болады екен. Демек, әрбір адамның жыныстық қатынасы оның жасына тікелей тәуелді. Жыныстық қарым-қатынастың жастарда көбірек болатындығы да осы жас ерекшеліктеріне орай. 

60 жастан асқанда 60 жасында еркек аттан түспесе, әйел қылығын бермесе, бұл өте жақсы көрсеткіш. Оның үстіне бұл жастағылар «көрпеасты» шаруаны айына кем дегенде з рет атқара алса, тіптен тамаша! Демек, денсаулығын күте білгені, өмірді сүре білгені. 

Статистика бойынша, 60 жастан асқандардың 70 пайызы бұл көрсеткішке жете алмайтын көрінеді. Қалыпты деп айына 2-3 рет жыныстық қатынасқа түскендерді атауға болады. Соңғы 15 жылда 60 жастан асқандардың интимді қатынасқа түсу белсенділігі артқан. 

40-50 жастағылар үшін Қырықтың қырқасына шыққандар мен елуді еңсергендер үшін орташа есеппен алғанда аптасына 2 рет төсектен ләззат алғаны қалыпты деп саналады. Бұл жас аралығында жыныстық қатынастан рахат алуды көбіне тұрмыстық мәселелер басып кететіндіктен басым жағдайда аптасына 1 рет қана болатын сәттер көп. Дегенмен, денсаулық пен некенің өмірі ұзақ болуы үшін қалыпты мөлшерді ұстап қалу аса маңызды екен. Яғни, зейнетке шыққан соң да «біратарым» болсын десеңіз, жыныстық қатынастың жиілігін 40-60 жас аралығында естен де, әдеттен де шығарып алмауға тиіс екенбіз. 

Көбіне 40 жастан асқан еркектердің басым көпшілігінде төсек ләззатына деген қалауы төмендеп кететін көрінеді. Осы жаста белсенділікті жоғарылату мақсатында дәрі-дәрмекті мөлшерден тыс қабылдап денсаулыққа зиянын тигізіп алатындар саны артады екен. 

25-40 жаста жыныстық қатынасты қалыптастырып үлгеру керек Тек жыныстық қатынасты ғана емес, 25 пен 40 жас аралығында әрбір жанның (еркек немесе әйел) тұрақты серігі (некелі!) қалыптасып үлгеруі тиіс. Сондай-ақ, бұл жаста аптасына 4 реттен кем болмауы керек. 5-6 рет болып жатса, тіптен тамаша! 

20-25 жас аралығында Бұл жастағылардың басым көпшілігі әлі тұрақты серігін (некелі) тауып үлгермейтіндіктен, жыныстық қатынасты маңызды деп айтуға болмас. Десек те, шаңырақ көтеріп немесе тұрақты серігімен интимді жақындық жасайтындар үшін 5-6 рет қалыпты саналады. Жыныстық қатынастың саны маңызды емес, оның сапасы жоғары болуы керектігі кімге де болса белгілі. Көрпені неше рет бүлкілдеткенің емес, соның қаншасы есте қалды? Қай жастағысы еске түскенде бойыңызды ысытып, жүзіңізге қан жүгіртті? Міне, сонысы маңызды. Демек, қай жаста болсын серігіңізге қалаулы болатын сезім сыйлай білуге тырысқан жөн екендігін Сіз де, Біз де жақсы білсек керек.

Дереккөз: Ernur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары