$ 494.87  520.65  4.91

Облыс әкімі өңірдегі кәсіпорындардың жұмысымен танысты

Өңір басшысы Б.Атамқұлов қаладағы бірнеше кәсіпорындарды аралады.

Онда ол жоғары вольтті электротехникалық құрылғылар шығаруға маманданған зауыттың жұмысымен танысты. Завод «Электроаппарат» ЖШС-і 1960 жылдың 1 мамырында құрылған. Кәсіпорында электроқұрылғылар шығару бойынша кіші кластер құру сұрақтары талқыланды. Сондай-ақ ол қорғасын өндіретін «Южполиметалл» АҚ-да болды. Онда кәсіпорынды кіші және орта бизнесті дамытатын индустриалды алаңға айландыру мәселесі талқыланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Қазақстанға іс-сапары барысында аталмыш кәсіпорынды қала сыртына көшіру және орнында индустриалды аймақ құру қажеттілігін айтқаны белгілі. Кәсіпорын басшыларымен территорияны  тазарту, өнеркәсіптік аймақты Абай ауданын дамыту мақсатында қолдану жөнінде айтылды.

Айта кетейік, облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaуқалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: «ПетроКазахстанОйл Продактс» ААҚ (мұнай өңдеу) және «ИнтеркомШина» ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын «Южполиметалл» ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: «Карданвал» ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), «Южмаш-К» ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), «Экскаватор» ААҚ, «Кентау трансформатор зауыты» ААҚ, «Түркістан-насос» ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен «Шымкентцемент» ААҚ; химия өнеркәсібінен – «Химфарм» ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен «Восход» ААҚ, «Эластик» ААҚ, «Адал» ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды «Шымкент-май», «Қайнар», «Шымкент сыра», «Бахус-Деронсек» АҚ-дары, «Арай», «Амангелді» ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен «Әсем-ай», «Алекс» ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL «Central Asіa» ЖАҚ-ы шығарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары