08.08.2019, 20:27

«Ісі біткен соң кеудеме түкіреді»: 23 жастағы келіншек күйеуі пәк боп келмегенін «бетіне басатынын» айтты

Фото: Mamaplus
Бұрынғы жігітіммен болған бар жағдайды айттым.

23 жастағы үштөбелік келіншек осыдан үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Әлі күнге бала сүйе алмаған ол күйеуінен теперіш көріп келе жатақанын айтты. 

«Сәлеметсіздер ме. Мен 23-темін. Күйеуіме 3 жыл тұрмысқа шықтым. Өзім Үштөбеденмін. Шымкентке тұрмысқа шықтым.

Бұрынғы жігітіммен болған бар жағдайды айттым. Түсінді. Бірақ қазір бетіме басады. Төсек қатынасынан кейін, ісі біткен соң кеудеме түкіреді.

Жезөкше деп аузына келгенін айтады. Арамызда баланың болмауы оның осындай әрекеттерінен деп ойлаймын. Шаршадым. Не істесем болады? Айтыңыздаршы!», - деп жазды бойжеткен İnstagram әлеуметтік желісіндегі @Kutpedim парақшасында.

Тегтер: отбасы