$ 498.34  519.72  4.85

«Қатты өкінем анамды тыңдағаныма»: күйеуінен жазықсыз ажырасқан әйел ақыл сұрайды

Анам мен әкем өміріме араласа берді. «Күйеуіңнің жағдайы төмен, ата-енең ақша ұстатпайды екен» деп айта берді, мен де анамның сөзіне еріп кеттім...

«Сәлеметсіздер ме, қымбатты арулар, қыз-келіншектер! Мен 21 жасымда  өз сүйген жігітіме күйеуге тидім. Бәрі ертегідегідей басталды. Ата-енем, қайын жұртым жақсы кісілер еді. Олар мені өз қызындай көрді. Не ішем, не жеймін деп еш қиналмадым... Бірақ мен өз бағымды бағалай алмадым. 

Қазір 8 айлық қызым бар, Аллаға шүкір. Бірақ күйеуіммен ажырасып кеттік. Анам мен әкем өміріме араласа берді. «Күйеуіңнің жағдайы төмен, ата-енең ақша ұстатпайды екен» деп айта берді, мен де анамның сөзіне еріп кеттім... Күйеуімнен бала туылған соң кетіп қалдым. Енеме де айтпаған сөзім қалмады, анамның үйреткендерін айттым.

Анамның бар ойы күйеуіммен бөлек шыққанымды қалайды екен, айлығын өзің жұмсайсың деді. Қазір күйеуіммен сөйлесіп тұрамын, үйге қызын көруге келіп тұрады. Қызының еміне, киім-кешегіне ақшасын аямайды. Мені қайтадан алып кетуге бірнеше рет ұсыныс айтты. Мен анамның сөзінен шыға алмадым... Қазір қатты өкінем анамды тыңдағаныма. Күйеуіммен үйіне баруға бетім жоқ. Қыздар, келіншектер, естеріңіз барда елдеріңізді табыңыздар.

Анаңыздың теріс ақыл-кеңесін тыңдамаңыздар, әйтпесе менің күйімді кешесіздер... Ар азабы қинайды».

Дереккөз: Алаш айнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары