Samat Nurtaza еұрссі желі қолданушысы әйелдерімен ұрсысатын ер адамдарға деген көпшіліктің пікірі қандай болатынын айтты.
«Өсек деген қызық құбылыс. Өсек тарала бере, өтірік қоспаларға ие болатын қасиеті болады.
Бір адамды "әйелімен ұрсысты" деген өсек тарайды. Екінші адам оған "әйелін ұрыпты" деп қосады. Үшінші біреу "ол ылғи ұрып-соғады екен" деп қосады. Төртінші адам "ішіп алып ұрыпты" деген тұздықты қосады. Бесінші адам "баласының көзінше ұрыпты" деп тағы қосады. Алтыншы адам болса, фантазиясын қосып, "аяғымен тепкілепті" деп таратады.
Нәтижесінде, қоғамдық пікір, жәй ғана әйелімен ұрсысқан адамнан қаныпезер маньяк жасап береді. Өмір қызық, ә?» - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына.