«Саламатсыздар ма?! Өтінем, есімім жасырын болсыншы.Тұрмыстамын, келін болып түскеніме 1 жыл болды. Аллаға шүкір, 1 балам бар.
Менің сұрайын дегенім, үлкен әпкелер немесе тұрмыстағы барлық келіншектер, күйеулеріңізден сұраңыздаршы, бауыр жақын бола ма, әлде, отбасы ма? Менің күйеуім "сен кейінгі орындасың, маған бауыр жақын, бауырды қайта таппаймын, қатын табылады" дейді.
Мен бауырларымды тастап, кім үшін келдім сонда? Ата-ана бөлек мәселе, олардың орны басқа. Дәл қазір бір ауыз сұрап көріңіздерші, бауырың жақын ба, әлде, отбасың ба деп. Әлде менің ашуым ақымақтық па? Күйеуім үнемі менің пікірімді тыңдамай, бауырларының сөзін сөйлейді. Алдын ала рахмет!».
Дереккөз: Алаш айнасы