$ 444.22  476.38  4.82

Оңтүстікте қоғамдық көліктер жаңа жүйемен жұмыс істемек

Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік қызметіне электронды билет жүйесі енгізілетін болады. Бұл жобаны іске асыру үшін қала басшысы Кореялық «KoreaSmart Card» компания өкілдерімен келісім жасасты.

Өңір басшысының тапсырмасының негізінде ұйымдастырылған екі жақты кездесу нәтижесінде жол жүру ақысы автоматты жүйеге өтпек. Жаңа жүйені іске қосу 100 пайыз инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Электрондық қондырғыларды орнататын Инвесторлар әр билеттен тек 10 пайыз ғана пайда көретінін айтуда.

Сонымен қатар, бұл қызмет түрі мұнан былай көлеңкелі жолмен табыс тапқысы келетін қоғамдық көлік компаниаларының жұмысына тосқауыл қойып, жолаушылардың қала ішінде еркін қозғалуына жағдай жасайды.

Яғни бір карта арқылы барлық автобуста қатынауға мүмкіндік туады. «Korea Smart Card» компаниасы IT-консалтинг саласы және автоматты жол жүру билетін сату бойынша әлемдегі ең үздік инвестициялық ұйым болып табылады.

Аталмыш компания 2004 жылдан бері 97 миллионнан астам электронды картаны жүйеге енгізген. Бұған дейін электронды билет жүйесін Малайзия, Тайланд, Ветнам, Ресей, Жаңа Зелландия, Колумбия елдерінде сәтті қолданысқа енгізген. Алдағы 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізіп, алдағы екі ай көлемінде электронды билет жүйесіне көшіріледі.

Айта кетейік, аталған жүйе «Ақылды қала» жобасы аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Шымкенттің 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстыру барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көліктегі проблемаларға баса назар аударғандығын айтқан болатын. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларының үлгісінде коммуналдық автопарк ашу қажет екендгін де жеткізген болатын. Бүгінде шаһарда 27 көлік компаниясы 81 бағытта 1 198 кестемен қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктерде жол ақы тарифі басқа қалалармен салыстырғанда төмен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары