$ 444.22  476.38  4.82

Шымкентте тәртіп сақшылары мүмкіндігі шектеулі балаларға акция ұйымдастырды

Полицейлер мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап «Тең мүмкіндіктер жолы» акциясын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — тағдыр тәлкегіне түскен балдырғандардың жолда жүру қауіпсіздігін сақтау.

Шара аясында есту қабілеті төмен балаларға арналған №1 мектеп-интернатта семинар өткізіліп, жаяу жүргінші ережесінің қағидалары түсіндірілді. 3 желтоқсан — халықаралық мүгедектер күніне орай ұйымдастырылған акция барысында балдырғандар қауіпсіздік шараларын сақтауды үйренді.

Алдын алу іс-шарасы шеңберіне барлық білім беру орталықтары, мектеп-интернаттар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу орындары жұмылдырылды. Полицейлерлер алдағы уақытта да балалармен бірлесе «Мені өз тілімде түсін!», «Бұл жағдай әр адамға кездесуі мүмкін», «Назар салыңыз, мұнда мүгедек тұрақтайды» секілді акциялар өткізуді жоспарлауда.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында партия мүшелері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге атсалысуда.

Әсіресе, Мақтаарал ауданында бұл жұмыстарды нақты және дер кезінде орындау қолға алынған. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесіне  мүмкіндігі шектеулі тұлғалар өздерінің шешімін таппаған кез-келген мәселелері бойынша келеді. Партиялықтар әр арыз-шағымды мұқият қарап, оңтайлы шешу бағытында жұмыс жасайды. 

Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны І топтағы мүгедек Қ.Мейірбеков аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, елді мекенге газ құбырлары тартылған, алайда  І-топ мүгедегі газ құбырын үй ішіне тартуға қаржылай көмек сұрады. Партия филиалының араласуымен .

Мырзакент кентінің тұрғыны ІІІ топтағы мүгедек Д.Тоқтар аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, денсаулығына лайықты жұмысқа орналасуын сұрады. Партия филиалының араласуымен Д.Тоқтар «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында Мырзакент әкімшілігіне жұмысқа орналастырылды.  

ІІ-топтағы мүгедек Қ.Ешов аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, шетелде ем алуына  50 000 тенге көлемінде қаржылай көмек сұрады. М.

А.Байдуллаев, «Нұр Отан» партиясының Мақтарал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Біз бастауыш партия ұйымдары, мемлекеттік мекемелер,  кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз жағдайлар жасау, мүгедектерді тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және олардың басқа да проблемаларын шешу үшін қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланамыз». 

ХҚО мамандары мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетуде.  Олар өз құжаттарын үйде еш қиындықсыз рәсімдей алады.

«Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың проблемаларын оң шешуге атсалысуға шақырады. Президент мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігін ескертті. Олар үшін Қазақстанның кедергісіз аймаққа айналуы қажеттігін айтты. Осындай бастаманың бірі ретінде I – II топ мүгедек жандарға қызмет көрсету мәселелері бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үйлерінде біріңғай байланыс орталығы 1414 нөміріне тегін қоңырау шалып, өзіне қажетті мемлекеттік қызметтерге өтініш бере алады. Мүмкіндігі шектеулі 1 және 2 топ мүгедек азаматтарға жауапты маманы келіп түскен өтініш иесіне хабарласып баратын уақытымен келісіп, алынып жатқан мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардың керек екендігі туралы толық мағлұмат береді. Одан кейін олар 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барып Халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бағдарламасы арқылы қабылданып дайын болған құжаттарды мобильді топ арқылы апарып береді», - делінгін ХҚО мамандары таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары