$ 447.4  477.55  4.76

 Малайзиялық мамандар тәжірибесімен бөлісті

Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Малайзияның Мири қаласындағы RIAM технологиялық институтының шақыртуымен  осы оқу орнына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Іс-сапардың басты мақсаты мұнай өңдеу саласындағы оффшорлық аймақтың жұмыс барысымен және ондағы білім беру жүйесімен танысу болып табылады.

Малайзияға іс-сапар барысында Оңтүстік Қазақстан делегациясының мүшелерін RIAM технологиялық институтының құрылтайшысы ДаТО Хи Кинг Чион Шымкентте инвесторлардың қаражаты есебінен салынатын халықаралық техникалық колледждің жобасымен таныстырды.

Жалпы құны 12 млн АҚШ долларын құрайтын оқу орны 700 орынға шақталған. Аумағы 8 гектар болатын нысанға 200 адамға арналған жатақхана мен зертхана салу жоспарланып отыр.

Малайзияға сапар нәтижесінде делегация мүшелері ОҚО мектептері мен колледждің оқу бағдарламасына халықаралық талаптарға сай келетін британдық бағдарламаны енгізу керегін ұсынды.

Малайзиялық ЖОО инженер-механиктер мен көлік инженерлерін, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерді, автоматтандыру мен электрлендіру мамандарын, сондай-ақ, азпаздарды дайындайды. Мұндағы оқу мерзімі 2 жыл 3 айды құрайды.

Бұл институтта малайзиялық оқу бағдарламасымен қатар халықаралық стандарттарға кіріктірілген арнайы сертификаттарға ие британдық 8 оқу  бағдарламасы (оқу мерзімі 1,5 жыл) қоса оқытылады. Бұл бағдарлама бойынша білім алатын студенттерді британдық оқытушылар бағалайды. Айта кетейік, мұнда оқитын ізденушілердің 95 пайызы жоғары бағаланады.

Ұлыбритания университетінің сертификатына ие болған түлектер Еуропа мен Американың жоғары оқу орындарында кедергісіз білімін жалғастырып немесе кез келген шетелдік компанияға жұмысқа орналаса алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары