$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент жастары ескірткіге қарсы

«Есірткіге жол жоқ!!!» Осылай деп ұрандатқан Шымкент жастары Әл Фараби алаңына жиналып, арнайы акция өткізді. Шараға қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, замандастарын нашақорлықпен күресуге шақырды.

Әл-Фараби алаңына жиналған жастар ашық аспан астында ғасыр дертіне қарсылықтарын білдірді. Елдің болашағына балта шабатын нашақорлықтан аулақ болуға замандастарын шақырды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір жанның міндеті екенін түсіндірді.

Елімізде нашақорлыққа салынған елу мыңнан аса азамат ресми тіркеуде тұрады. Оның басым бөлігі жастар. Жыл санап есірткіге тәуелділердің қатары көбеюде дейді мамандар. Ал құзырлы орган өкілдері тәркілеген анашаның көлемі бұрынғы жылдармен салыстарғанда артып отырғанын айтады.

Жастар жат қылықтың соңы жақсылыққа апармайтынын арнайы көрініс арқылы сомдап берді. Бір сәттік ләззат жас ғұмырын астаң-кестең еткенін бейнеледі. Есіріткіге елітіп, есі кеткендер анасында құрбандыққа шалатынын көрсетті.

Егеменді елдің ертеңін есті етіп тәрбиелеу — қоғам міндеті. Осыны ескергендер есірткеге қарсы шараның санын арттыруды көздеп отыр.

Нашақорлық бүгінгі таңда адамзатты алаңдататын, әлемдік деңгейге көшкен проблемалардың бірі. Құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізілуіне қарамастан, бұл дертке ұшыраған адамдардың саны жылдан жылға өсіп келеді. Өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады.  Сарапшылардың пікірінше, есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы  күресуде және ешбір ел  халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары