«Қазатомөнеркәсіп» Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда әкімдіктеріне 14 әлеуметтік нысан табыстады. Жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар иелігіне медициналық кешен, кеңсе ғимараттарынан құралған 5 әлеуметтік нысан өткізіледі.
«Қазатомөнеркәсіп» АҚ басшылығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы әлеуметтік нысандар құрылысын 800 млн теңгеге қаржыландырды. Ал келер жылы ұлттық атом компаниясы уран өндіруші аймақтарды көркейтуге 1,6 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Қызылорда облысы әкімдігінің иелігіне 6 әлеуметтік маңызды нысан берілді. Оның ішінде 280 орынды балабақша, мәдениет сарайы, спорттық-сауықтыру кешені және қонақ үй де бар.
Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ (Қазақстанның ұлттық атом компаниясы) — Қазақстанның уран және өзге металдарды экспорттау жөніндегі ұлттық операторы. Компанияның 100% акциясы мемлекетке тиесілі. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы Қазақстандағы уран сатуға рұқсаты бар жалғыз кәсiпорын. Бiрақ, қазақстандық уран толығымен дерлiк шет елге шығарылады. Өйткенi, Қазақстанда Маңғыстау облысында тек бiр атом стансасы бар. Сондықтан, елдегi iшкi тұтыну мөлшерi аз. Қазақстандық уранды алу жолы басқа елдермен салыстырғанда оңай, сондықтан, оның өзiндiк құны да айтарлықтай қымбат емес . Ал уран өндiрiсiнiң ұлғайтылуы экологияға кесiрiн тигiзбейдi дейдi мамандар.